Биыл 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады

2025–2026 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биылғы оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Олардың ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

9-сыныпты үздік аяқтауға 31 мыңнан астам оқушы үміткер болса, 11-сынып бойынша бұл көрсеткіш шамамен 18 мыңға жуық.

25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Онда оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері сараланады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп бітіру іс-шараларын мейрамхана, кафе, банкет залы, демалыс базасы мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынған. Аттестаттар мен дипломдарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ ата-аналардан ақша жинауға және сыйлық талап етуге жол берілмейді. Бұл талаптар түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САРЫАҒАШТА КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЦЕХ САЛЫНУДА

berdaly_oraz

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ МЫҢДАҒАН ПОЛИЦЕЙІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ — БАСТЫ НАЗАРДА: САРЫАҒАШТА ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Redaktor Arysinfo