ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, өзекті мәселелердің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен апталық штаб отырысы өтті.

Жиынға құқық қорғау органдары мен салалық басқарма басшылары қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу және жедел әрекет ету алгоритмі қаралды. Сондай- ақ мектеп бітіру іс-шаралары кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Облыс аумағында мектеп бітіру кештері, банкеттер мен автокортеждер өткізуге тыйым салынатыны ескертілді. Бітірушілерге арналған барлық ресми іс-шаралар тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.

25 мамыр күні құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтер, патрульдік бақылау және түсіндіру жұмыстары күшейтіледі. Сонымен қатар халық көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда болады.

Айта кетейік, өңірдегі 1106 мектепте 554 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл 9-сыныпты – 47 мыңнан астам, 11-сыныпты – 35 мыңнан астам түлек тәмамдайды. ҰБТ-ға 30 мыңнан астам оқушы қатысуға өтініш берген.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданында биыл 33,8 шақырым жол жөнделеді

Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда

Шымкенттің Су арнасы мемлекетке қайтарылады

Альфия Адамбек