500 ОҚУШЫ БІР ДАУЫСПЕН: ТҮРКІСТАНДА МҰҚАҒАЛИ ЖЫРЛАРЫ ЖАҢҒЫРДЫ

Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында 500 оқушы қазақ поэзиясының алыбы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін бір мезетте оқыды. Республика күні мен Қала күніне орай ұйымдастырылған «Бір қала – бір кітап – бір рух» челленджі әдеби мұраны ұлықтап, жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттауға арналды.

Тағылымды шара ақынның 95 жылдығына орайластырылып, өскелең ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыруды және рухани-мәдени танымын кеңейтуді мақсат етті.

Челленджге қатысқан 500 озат оқушы Мұқағали жырларын бірге оқып, ақын шығармашылығына деген құрметін білдірді. Жас буынның бір арнаға тоғысқан үні ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілікті айшықтап, поэзияның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын көрсетті.

Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жиналғандарды Республика күні және Қала күні мерекелерімен құттықтады. Ол кітап оқудың білім мен дүниетанымды қалыптастырудағы рөліне тоқталып, мұндай бастамалардың жастар бойында отансүйгіштік қасиеттерді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Бір мезетте оқылған 500 дауыс – бір рухтың, ортақ құндылықтың көрінісі. Челлендж қазақ әдебиетінің жауһарларын жас ұрпаққа кеңінен танытып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама болды.

Ұқсас жаңалықтар

Руслан Берденовке жасалған қастандық: 10 патронмен қаруланып келген күдікті кек алуды көздеген бе?!

berdaly_oraz

Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

Альфия Адамбек

Түркістан: Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды