№7 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ПЕРНЕХАНОВ НҰРБОЛАТ РАХАТҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Мен, Пернеханов Нұрболат Рахатұлы, Арыс қаласында туып-өстім. Мамандығым – құқықтану. Еңбек жолым кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бағыттарымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арыс қалалық филиалының директоры қызметін атқарамын.

Қаланың дамуы – ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттырудан, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жүйелі түрдешешуден басталады. Олар – жолдардың сапасы, ауызсумен қамтамасыз ету, медицина мен білім беру қызметтерінің қолжетімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту және жастарға қолайлы мүмкіндіктер жасау.

Кәсіпкерлермен тікелей жұмыс істеу барысында өңір экономикасының дамуы шағын және орта бизнестің өркендеуімен, еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасаумен және мемлекеттік қолдау шараларының тиімді жүзеге асуымен тығыз байланысты екенін түсіндім.

Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты мақсатым – халықтың өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету, кәсіпкерлікті дамытуғақолайлы орта қалыптастыру, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасау, жастардың бастамаларына қолдау көрсету және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 

  1. АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту мәселесін көтеру, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын қолдау, ауызсумен электрмен жабдықтауға қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал ету,тұрғындардың күнделікті  өміріне қажетті инфрақұрылымның дамуына басымдық беру.

  1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Кәсіпкерлік саласындағы тәжірибемді пайдалана отырып, ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және қолданыстағы бизнесті дамытуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етуді маңызды міндет санаймын.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, кәсіп бастағысы келетін азаматтарға мемлекеттік қолдау тетіктері туралыақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету, жергілікті кәсіпкерлердің мәселелерін тиісті органдарға жеткізу.

  1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

 Шаруа қожалықтарының өзекті мәселелерін тиісті мекемелер деңгейінде көтеру, суарусуы мен  жайылымға қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал ету, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүдделерін қорғауға ат салысу.

  1. ЖОЛ, СУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

 Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы ең алдымен күнделікті қажеттіліктердің қолжетімділігіне байланысты. Ауызсу мәселелерін шешуге басымдық беру , жолдардың жөнделуімен күтіміне қатысты ұсыныстар енгізу, электр желілерінің жағдайын жақсарту мәселесін көтеру.

  1. ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамытуға ықпал ету, жастардың білім алуына және кәсіби біліктілігін арттыруына мүмкіндік беретін бағдарламаларды насихаттау.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

Көп балалы отбасылардың, зейнеткерлердің және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың мәселелеріне назар аудару, әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындардың өтініштерін тиісті органдарға жеткізу, әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелерін көтеру.

  1. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ

Білім бер уұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бастамаларды қолдау, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау мәселелерін тұрақты назарда ұстау.

  1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ СПОРТ

Ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселесін көтеру, медициналық мекемелердің қажеттіліктеріне назар аудару, салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысу.

  1. ТАЗАЛЫҚ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

Ауылдың тазалығын сақтау жұмыстарын қолдау, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыруға ықпал ету, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу мәселесін көтеру,тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған жұмыстарға атсалысу.

  1. ХАЛЫҚ ПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС

Менің жұмысымның басты қағидаты–тұрғындармен тұрақты байланыста болу. Ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді тиісті органдарға жеткізу, атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беруге басымдық жасау.

 

Жарияланым ақысы №7 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Пернеханов Нұрболаттың бюджеттік сайлау қорынан төленді. 

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «ЖЫР ЖҮЙРІГІ ЖАРҚЫНБЕК» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Вице-министр жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді