№11 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат АҒМАНОВ ҒАБИТ ТҰҢҒЫШҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Ағманов Ғабит Тұңғышұлы 1985 жылы 25 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылында дүниеге келген. 

1991 жылы Ақдала ауылындағы С. Ербаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1998 жылы Шымкент қаласына қоныс аударған. 2002 жылы Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепті тәмамдаған.

2003 жылы Шымкент қаласындағы «Фемида» колледжіне оқуға түсіп, 2005 жылы заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2015 жылдан бастап кәсіпкерлік саласында жалғастырып, құрылыс бағытында қызмет атқарып келеді. 2020–2022 жылдар аралығында «Қазақ Строй 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарған.

Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Отбасылы, екі ұл мен екі қыздың әкесі.

Өмірлік ұстанымы – адал еңбек ету, жауапкершілікті жоғары қою, халықтың мүддесіне қызмет ету және туған жердің дамуына үлес қосу.

ҮМІТКЕРДІҢ ДЕПУТАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ:

Халықтың талап-тілегі мен мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, тұрғындармен тұрақты байланыста болу, әрбір өзекті мәселені заң аясында көтеріп, оның шешілуіне ықпал ету, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды қолдау, бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға атсалысу. Тұрғындардың мүддесін қорғап, халық сенімін ақтау жолында жүйелі жұмыс жүргізу.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 

  1. Ауыл жолдарын жақсарту

Ауылдың ішіндегі көшелерді жөндеу мәселесін көтеру, жол сапасы төмен көшелерді кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстарына ықпал ету. Көшелерге жарықтандыру орнату мәселесін шешуге атсалысу.

  1. Таза ауызсу және коммуналдық мәселелер

Ауызсудың сапасы мен тұрақты берілуін бақылау, су құбырларын жөндеу және жаңарту мәселелерін көтеру. Электр энергиясы мен газбен қамту сапасын жақсартуға ықпал ету.

  1. Жастарды қолдау

Жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды қолдау, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жағдай жасау мәселесін көтеру.

4. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік

Шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің мәселелерін тиісті органдарға жеткізу, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасауға ықпал ету, суармалы егістік жерлермен, ортақ мал жайылым мәселелерін шешуге атсалысу. Ауыл маңындағы егістік жерлерге су жеткізетін каналдарды бетондау мәселесінің шешілуіне ықпал жасау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау.

  1. Тазалық және абаттандыру

Ауыл аумағында тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға ықпал ету. Қоқыс жинау және шығару мәселесін бақылау, балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарын көбейту.

6. Спорт және мәдениет

Ауыл жастары үшін спорт алаңдарын салу және қажетті құрал жабдық мәселесін көтеру, ауылда орналасқан спорт кешенінде жастарға арналған спорт үйірмелерін ұйымдастыруға жәрдем көрсету. 

7. Ашықтық және халықпен байланыс

Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу, әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысын назарға алу.Тұрғындардың өзекті мәселелерін депутаттық сауалдар арқылы көтеру, атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беру.

 

Жарияланым ақысы №11 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ағманов Ғабит Тұңғышұлының бюджеттік сайлау қорынан төленді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Түркістан облысының 60-тан астам ауылы ішімдік сатудан бас тартты

berdaly_oraz

Түркістанда алты елдің жастары қазақ әдебиеті төңірегінде

Redaktor Arysinfo