Алматылықтар тағы да алаңдады: қалада жер сілкінді

Алматыда 4 маусым күні кешкі сағат 21:22-де жер сілкінісі сезілді. ҚР ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі сейсмикалық станциялар желісімен 21:19-да тіркелген. Қазіргі уақытта жер сілкінісінің параметрлері нақтыланып жатыр.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісінен түскен ақпараттар өңделіп жатыр.

Әзірге жер сілкінісінің ошағы, магнитудасы мен сезілу деңгейі туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ. Сондай-ақ зардап шеккендер мен қираулар жөнінде ақпарат түспеген.

Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде жер дүмпуін сезінгендерін жазып жатыр. Ресми органдар жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен нақты деректер жарияланған сайын хабарланатын болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Тақырып: Түркістанда мұғалімдерден пара алған бұрынғы мектеп директоры сотталды

Redaktor Arysinfo

Түркістан: өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды

«Один скан и минус деньги»: как мошенники используют поддельные QR-коды в сфере услуг

berdaly_oraz