Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүниеден өтті.
Қаралы хабар әлеуметтік желіде жарияланды.
«Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін», – делінген жазбада.
Марқұммен қоштасу рәсімі бүгін, 14 қазанда, сағат 15:00-де Түркістан облысы, Созақ ауылындағы өз шаңырағында өтеді.
Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын! Сәкен Майғазиев пен отбасы мүшелеріне қайғыра көңіл айтамыз.
