Арыс әкімі өрттен зардап шеккен отбасыларға барды

Сурет: Арыс қаласы әкімдігі

Арыс қаласында болған өрт салдарынан баспанасына зақым келген тұрғындарға жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетіледі. Қала әкімі Қайсар Маңқараев Қалау датқа тұрғын ауданында орын алған төтенше жағдайдан кейін зардап шеккен отбасылардың үйіне арнайы барып, олардың жағдайымен танысты.

Төтенше жағдай 24 қаңтар күні тіркелген. Қалау датқа көшесіндегі №11 мекенжайда жапсарлас салынған тұрғын үйлерде тұратын үш отбасының баспанасын өрт шалған. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 6 техникасы мен 40-қа жуық қызметкері жедел жұмылдырылды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт сағат 22:13-те толық сөндірілді. Абырой болғанда, адам шығыны тіркелмеген.

Қала әкімі зардап шеккен тұрғындармен тілдесіп, өрт салдарынан келген шығын көлемін анықтау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган тарапынан үш отбасыға да қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді. Бұдан бөлек, қаланың белсенді азаматтары мен кәсіпкерлерін жұмылдыра отырып, қосымша қолдау ұйымдастыру мәселесі де қарастырылмақ.

Қазіргі таңда өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр. Тиісті қызметтер оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде.

Ұқсас жаңалықтар

Экологтар биылғы жаздан қауіптеніп отыр

Шардарада патриоттық кездесу өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1200 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛДАР МЕН КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Redaktor Arysinfo