Шардарада патриоттық кездесу өтті

Шардара қаласында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық шара ұйымдастырылды. Жиынға ауған соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысып, жастармен кездесті. Шараға қаладағы №16 колледждің студенттері қатысты. Басқосу облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтті.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген, ауған соғысының ардагері Б. Сүйінов жастарға патриоттық рухты қалыптастыру жөнінде ой-пікірін жеткізді. Ол 1987 жылы №45585 әскери бөлімінде Ауған Демократиялық Республикасында әскери борышын өтегенін айтты.

Іс-шара соңында ардагерлерге сұрақтар қойылып, жастар тағылымды әңгімелер тыңдады.

Ұқсас жаңалықтар

Саурандағы серпіліс: индустриялық аймақтар кәсіпкерлікке тың серпін беруде

Шымкентте 20 жыл бойы баспана күткен тұрғын әкімнен көмек сұрады

berdaly_oraz

Түркістан: Арыс аудандық сотының төрағасы Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады

Redaktor Arysinfo