АРЫС ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ МАМЫР АЙЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ
— деп хабарлайды Arysinfo.kz.
«Құрметті Арыс қаласының және ауылдық округтердің тұрғындары!Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған 15–18 сәуір аралығындағы тұрғындармен кездесуі кейінге шегерілді.»,-деді әкімнің баспасөз хатшысы.
Жаңа кездесу мерзімі – мамыр айы деп белгіленді.
Тұрғындармен ашық сұхбат форматында өтетін бұл жиындарда қала және ауылдық округтердегі өзекті мәселелер талқыланып, халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалады деп жоспарлануда.
Кездесудің жаңартылған кестесі мен нақты уақыты туралы мына сілтеме арқылы толық ақпарат алуға болады:
gov.kz сайтындағы ресми ақпаратты көру