Арыс қаласының әкімі кезекті жеке қабылдау өткізді

Бүгін Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар жеке өтініштерімен қатар, қала халқы үшін маңызды ортақ мәселелерін де көтерді.

Тұрғындар тарапынан негізінен тұрақты жұмысқа орналасу, суармалы жер, тұрғын үй кезегі, көшелерге жасанды жол кедергісін орнату, жолаушылар тасымалын жақсарту секілді өтініштер айтылды.

Қала әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу мүмкіндіктерін түсіндірді. Кейбір сұрақтарға сол жерде нақты жауап берілсе, өзге мәселелерді шешу үшін жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеліп, жан-жақты зерделеу тапсырылды.

Қабылдау қорытындысы бойынша тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері бақылауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастағандар жазалануда

berdaly_oraz

Түркістандық Бекзат «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

berdaly_oraz

Түркістандағы өндірістік парк үлгісі басқа облыстарға таралады

Redaktor Arysinfo