Арыс ауданындағы Монтайтас ауылында тұрғын үй моншасынан өрт шықты

Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылында 16:00 шамасында тұрғын үйдің моншасынан өрт шықты. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз, алайда тұрғындар өз күштерімен өртті сөндіруге тырысуда.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, өрт алдымен моншаның төбесінен байқалған. Самал желдің әсерінен жалын тез таралып жатыр. Алайда, оқиға орнына өрт сөндірушілер әлі келмеген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста заманауи балалар ойын алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді

Уақытша депутаттық комиссия «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысымен танысты

Redaktor Arysinfo

«ӘНДІ СҮЙСЕҢ, МЕНШЕ СҮЙ…» АКУСТИКАЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo