Арыс қаласы және ауылдық округтердегі агроқұрылымдарға субсидия бөлінеді

Арыс қаласы және ауылдық округтердегі кәсіпкерлердің назарына!

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге тұрғын үй салуға субсидия беріледі!

Егер сіз мал немесе егін шаруашылығымен айналысып, жұмысшыларыңызға баспана салуды жоспарласаңыз, мемлекет бұл бастамаңызды қолдайды. Арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігі өтеледі.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдағы еңбеккерлерді тұрақты баспанамен қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың жағдайын жақсарту.

Толық ақпаратты Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінен ала аласыз. Бөлім Кәсіпкерлік мектебі ғимаратында (Д. Қонаев көшесі, №9А) орналасқан.

Ұқсас жаңалықтар

«Шу қаласынан шу шықты»: Дәрігерлер жүкті әйелдің мәйітін жертөледе жасырған

berdaly_oraz

Лауазымынан кеткен, бірақ орнынан кетпеген бе?!Алматыда экс-полковник ұсталды

berdaly_oraz

Түркістанда спорт күні аталып өтті

berdaly_oraz