Шымкентте көктемгі әскерге шақыру: болашақ сарбаздар сап түзеді

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны қарқынды жүріп жатыр. Науқан басталған үш апта ішінде 18-27 жас аралығындағы 120-дан астам жас жігіт отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Жалпы, көктемгі шақыру аясында мегаполистен 1000-нан астам азамат әскери қызметке алынбақ.

Шақырылушылар медициналық тексеруден өтіп, физикалық және психологиялық дайындық деңгейлері сарапқа салынады. Әскер қатарына қабылданған жастар Қазақстан Қарулы Күштері, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі мен Шекара қызметінің қатарын толықтырады.

Мамандардың айтуынша, биылғы шақыру науқаны ерекше жауапкершілікпен өтуде. Жас сарбаздардың моральдық-психологиялық дайындығына, әскери өмірге бейімделуіне айрықша көңіл бөлінуде.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда міндетін дұрыс атқармаған басшыларға шара көрілетіні ескертілді

berdaly_oraz

Әуезов театры Түркістанда 5 күн бойы үздік қойылымдарын сахналайды

Түркістан: Арыста «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті

Redaktor Arysinfo