Арыс қаласындағы №17 колледжде жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында кең көлемді кездесу өтті.
Іс-шараға арнайы шақырылған сала мамандары студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік, заңға бағынудың маңызы және қоғамдағы тәртіпті сақтау жөнінде кең көлемде ақпарат берді.
Кездесуге төмендегі лауазымды тұлғалар қатысты:
- Арыс аудандық сотының төрағасы — У.С. Сүйіндікұлы
- Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы — Ж.Ә. Сағатұлы
- «Бекзат ата» мешітінің бас имамы — Қ.Б. Садыбаев
- Арыс аудан прокурорының орынбасары — Т.Ә. Әбдірахманұлы
Спикерлер жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, жауапсыз әрекеттердің салдары, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, қоғам алдындағы азаматтық міндеттер туралы нақты мысалдармен бөлісті.
Колледж студенттері үшін бұл кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға, заңға деген құрметті күшейтуге және саналы азамат ретінде қалыптасуға үлкен ықпал етті.
Маман пікірінше, мұндай мазмұнды кездесулер жас буынды тәртіпке, заңға мойынсұнуға және қоғамға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
