АРЫС ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР АУЫЛДАРДЫҢ ОҢАЙЛАТЫЛҒАН БАС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Арыс қаласында «Бұлақ» және «Дарбаза» ауылдарының оңайлатылған бас жоспарын әзірлеу, сондай-ақ «Жосалы» ауылының бас жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасары, төраға Рысдәулет Айтбаев, жауапты бөлім басшылары және тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде ауылдардың келешек даму бағыттары, аумақтарды жоспарлау талаптары, инженерлік инфрақұрылыммен қамту, жаңа тұрғын үй алаптарын белгілеу және болашақ әлеуметтік нысандарға жер бөлу мәселелері қаралды.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрғиса Жанбатыр мен «КАЗ Строй-Альянс» ЖШС мамандары жобалау жұмыстарының барысын таныстырып, ұсынылып отырған аумақтық шешімдер мен өзгерістердің маңызын түсіндірді.

Талқылау барысында қатысушы мекемелер ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметшілер «Даңқ» мемориалын тазалады

Ерекше балаларға арналған мерекелік шара өтті

Түркістан: Арыста «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті

Redaktor Arysinfo