АРЫСТА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ИЕЛЕРІМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңір аумағындағы күре жол бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Бүгін Қызылкөпір елді мекенінде кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы, салық және құқық қорғау органдарының мамандарынан құралған жұмысшы топ жергілікті сауда нысандарын аралап, кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесу барысында нысан иелеріне қолданыстағы заңнама талаптары, олардың міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілді. Мамандар әр кәсіпкер өз нысанының маңайындағы аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге, ғимарат қасбетінің көркем әрі талапқа сай болуына тікелей жауапты екенін атап өтті. Сонымен бірге арнайы жадынамалар таратылды.

Бұл жұмыс қала келбетін жақсартуға, жол бойындағы сауда орындарының бірізділігін қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге нысандардың бағалау құнын нарықтық деңгейге сәйкестендіру, қызметкерлерді ресми тіркеу және барлық жұмысты заң аясында жүргізу қажеттігі туралы ескертілді.

Жұмысшы топтың негізгі мақсаты — түсіндіру арқылы заңбұзушылықтың алдын алу және өңірдің сауда-инфрақұрылым мәдениетін көтеру.

Түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Redaktor Arysinfo

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның денсаулығы нашарлап жатыр

berdaly_oraz

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Саяси кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы талқыланды

Redaktor Arysinfo