Арыс қаласында орталықтандырылған жылуға қосылған үйлердің қатары артты

Арыс қаласының Әл-Фараби көшесіндегі №6 және №8 көппәтерлі тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Бұған дейін тұрғындар көмірмен жылытатын, күл шығарып, от жағумен әуре болатын. Енді бұл үйлердегі тұрғындар жылы әрі қолайлы жағдайда өмір сүруге мүмкіндік алып отыр.

Бұл мәселе көктем айында қала әкімінің жеке қабылдауында көтерілген болатын. Тұрғындардың өтінішінен кейін әкім тиісті бөлімдерге нақты тапсырма беріп, техникалық мүмкіндіктерді зерттеуді жүктеген. Сараптама нәтижесінде үйлерді жылу жүйесіне қосуға толық мүмкіндік бар екені анықталған соң, қажетті жұмыстар атқарылды.

Бүгінде екі үй де орталық жылу жүйесіне қосылып, тұрғындар ұзақ күткен мәселе шешімін тапты. Сонымен қатар, аула аумағындағы өзге де түйткілдер қолға алынған. Күз бен көктемде лай мен қалдық су жиналып, жүріп-тұру қиындайтын аулаға енді жарық шамдары орнатылды, ал жақын күндері асфальт төсеу жұмыстары басталады.

Тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, жергілікті билікке алғыс айтты.
— «Көмірдің азабы артта қалды. Үйіміз жылы, ауламыз жарық. Енді жол төселсе, бәрімізге үлкен жеңілдік болады», — дейді тұрғындардың бірі.

Айта кетейік, бұған дейін де Арыс қаласындағы Почтовый шағын ауданында бес тұрғын үйдің ауласы жаңартылған. Асфальт төселіп, автотұрақтар салынған, ал кіреберістерге демалыс орындықтары мен қоқыс жәшіктері қойылған.

Бұл шаралар — Арыс қаласында тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мен қаланың инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстардың жалғасы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында алаяқтар абақтыға қамалды

Цифрлық теңге «алдау құралы» ретінде: алаяқтардың жаңа схемасы

berdaly_oraz

Түркістанда тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

berdaly_oraz