Түркістанда тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Түркістанда тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті,-деп хабарлайды Арысинфо.кз.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ашық әкімдік» кеңсесінде азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындар көтерген өзекті мәселелермен танысты.

Қабылдау барысында Сарыағаш ауданынан бір тұрғын бейнебайланыс арқылы өтініш білдірді. Оның айтуынша, заңсыз салынған тұрғын үйге қатысты сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Аталған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары жауапты сала өкілдеріне жағдайды жан-жақты зерделеп, заң аясында қарастыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА ҚАРҚЫН БАР: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ӨҢІРДЕГІ ІРІ ЖОБАЛАРДЫ КӨЗБЕН КӨРДІ

berdaly_oraz

Қазақстан азаматтарына жақсы жаңалық: шетелде тұрса да зейнетақы төленеді

Redaktor Arysinfo

Түркістанда 22 жасөспірім сушиден уланып, ауруханаға түсті

berdaly_oraz