АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ТҮНГІ РЕЙД» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Арыс қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында «Түнгі рейд» профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда тәртіп сақталуын бақылау, құқықбұзушылықтардың жолын кесу, жасалған қылмыстарды дер кезінде анықтау, сондай-ақ қайта қылмысқа барудың алдын алу.

Аталған рейд аясында Арыс қалалық пробация қызметі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Нақтырақ айтқанда, есептегі тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен жеке әңгімелесу барысында заң талаптары қосымша түсіндірілуде. Бұл жұмыстар қайта құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

berdaly_oraz

Арыста Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

berdaly_oraz

Түркістандық делегация Қытайда өткен дәстүрлі медицина туралы халықаралық мәжіліске қатысты