АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін елімізде конституциялық реформаларға қатысты республикалық референдум өтуде.

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев жұбайымен бірге С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан №1 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Осы ретте қала әкімі референдумның ел дамуы үшін маңызы зор саяси науқан екенін атап өтті.

Айта кетейік, Арыс қаласында 34 референдум учаскесінде 42 840 азамат өз таңдауын жасай алады. Қазіргі таңда барлық референдум учаскелері келушілер үшін ашық.

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу бойынша комиссия отырысы өтті

Балалардың күлкісі – қоғамның бақыты: Арыста жазғы сергіту шарасы өтті

Redaktor Arysinfo

Полиция мен тұрғын 3 жасар баланы құтқарып қалды