Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады,деп жазды Арысинфо.кз.

Бүгін «Amanat» партиясының Арыс қалалық филиалы ғимаратында қала әкімі Қайсар Маңқараев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек, жол жөндеу, қаланы абаттандыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

Әкім әрбір өтінішке жеке тоқталып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Келушілердің өтініштері хатталып, шешілу барысы бақылауға алынатыны хабарланды.

Қоғамдық қабылдауда көтерілген әрбір мәселе заң аясында қаралатынын айтқан қала басшысы, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне мұқият назар аударылатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТШІЛЕР ӨСКЕМЕНДЕ ӨТКЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістан қаласында облыс әкімі Көшеровтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған маңызды жиын өтті

berdaly_oraz

Тоқаев Түрікменстанға барып қайтты