Арыс – Түркістан бағытындағы жолаушылар пойызы қатысуымен Қостүйін станциясында қайғылы оқиға орын алғаны туралы бейресми ақпарат тарады,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Дереккөздің айтуынша,№77 жолаушылар пойызының машинисі пойыз жолға шыққан адамды байқап, шұғыл тежеу қолданған.
Алайда пойыз тоқтауға үлгермей,зардап шеккен адам оқиға орнында қаза тапқаны айтылады.Фотода марқұмның теміржол күзетшісі екені байқалады.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын Arysinfo тілшілері анықтап жатыр.
