Қыз алып қашатындар 7 жылға дейін сотталу мүмкін

 

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов некеге мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы жаңа заң жобасын ұсынды. Жаңа ұсынысқа сәйкес, некеге мәжбүрлегендерге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Әбеновтің айтуынша, соңғы үш жылда полицияға некеге мәжбүрлеу туралы 214 шағым түскен, бірақ тек 10 іс сотқа жеткен. Бұл құқық қорғау органдарының немқұрайлы қарауының айқын белгісі, әрі жәбірленушілердің қорғалмай қалуына әкеледі.

Депутат заң жобасының биыл соңына дейін қабылдануы ықтимал екенін, оның мақсаты – жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және некеге мәжбүрлеу деректерін азайту екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде 7 сәуірден бастап көлікті сақтандыру бағасы жаңа ережемен есептеледі

berdaly_oraz

Арыста шіркейге қарсы күрес қарқын алды

berdaly_oraz

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЭЛЕКТРОВОЗ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

berdaly_oraz