Арыста мотивациялық іс-шара өтті

Арыс қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Qadam» атты мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Шараны «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолға алған.

Мотивациялық кездесудің арнайы қонақтары – V Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы «Алыптар сайысының» жеңімпазы Азамат Нұрғалиұлы мен 2021–2025 жылдар аралығында армрестлингтен әлем чемпионы атанған Нұрсұлтан Ғалымжанұлы болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды белсенді өмір салтына баулу, спортқа қызығушылығын арттыру және зиянды әдеттерден алшақ болуға шақыру. Сонымен қатар, жастар арасында жолдастық бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау көзделді. Кездесуге қаладағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.

Спортшылар өз мансап жолдары, жетістіктерінің сыры туралы әңгімелеп, табысқа жету үшін еңбек, шыдамдылық пен төзімнің маңыздылығын ерекше атап өтті. Жастар тарапынан қойылған ашық сұрақтарға жауап берген қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Кездесу соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Әлішер Нұрланұлы спортшыларға алтын уақыттарын бөліп, жастарға жігер сыйлағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар қала әкімі Қайсар Маңқараевтың атынан арнайы алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 112 шақырым канал тазаланды

Альфия Адамбек

Еңбек қауіпсіздігін сақтамағандарға қатаң шаралар енгізілді

berdaly_oraz

Келес ауданында дін мен дәстүрді насихаттауға арналған кездесулер өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу