Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

Түркістан қаласында жаңа атшабарда көкпардан әлем чемпионатының жалауы көтерілді. Дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысуда.

Жарысқа Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан және Мажарстан құрамалары қатысып, жүлде үшін бақ сынайды.

Ашылу салтанатында Аманбай Нұрмұханбетов, Данияр Қобыландин, Жанысбек Саев және Әбілхан Дауылбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс 17–19 наурыз аралығында топтық кезеңмен басталып, 20 наурызда жартылай финал, ал 21 наурызда финалдық ойындар өтеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен. 9 жылдан кейін тарихи дода қайтадан Түркістан төрінде ұйымдастырылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Әкім Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Ордабасыда жылына 30 мың тонна алюминий өнімдерін өндіретін зауыт салынуда

Түркістан облысында «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды