АРЫСТА АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ: ЖОСПАРЛЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ

Құрметті Арыс қаласы тұрғындары!

2026 жылғы 23 сәуір күні қала аумағында жоспарлы түрде арнайы оқу-жаттығу жұмыстары өтеді. Бұл – қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара.

Атап айтқанда, жазғы оқу кезеңінің жауынгерлік жоспарына сәйкес, 44859 әскери бөлімінің 2-техникалық аумағында сағат 15:00 мен 17:30 аралығында аудандық өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлескен өртке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу барысында:

  • шартты өртті сөндіру әрекеттері пысықталады;

  • арнайы техникалар жұмылдырылады;

  • дыбыстық сигналдар мен сиреналар қолданылуы мүмкін.

Маңызды ескерту:
Бұл – тек жоспарлы жаттығу. Тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ.

Қала халқын сабыр сақтауға, жағдайды дұрыс түсінуге және оқу-жаттығу жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырамыз. Сонымен қатар, тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жалған мәлімет таратудан сақ болу қажеттігін еске саламыз.  Қауіпсіздік – бір күннің емес, үздіксіз дайындықтың нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста ірі логистикалық орталық іске қосылды

Redaktor Arysinfo

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА КЛАСТЕРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz