Арыста бағдаршамдарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жергілікті биліктің басты міндеті ретінде атап көрсетеді. Осы мақсатта қалада жол қозғалысының қауіпсіздігін жоғарылатуға бағытталған кешенді шаралар іске асырылуда.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Қазіргі кезде Арыс көшелеріндегі істен шыққан және ақауы бар бағдаршамдарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар қарқынды жалғасуда. Бұл жөндеу жұмыстары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету – қаланың даму бағдарламасының басты элементі. Алынған шаралар келешекте де жалғасып, Арыс қаласының көше желісі тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатында 13 мәселе қаралды

berdaly_oraz

Түркістан облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті