Арыста кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандықтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңды құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция капитаны Б. Үсенбаев жасөспірімдердің отты қару алып жүруінің алдын алу және олардың ойынханалар мен көшеде түнгі уақытта жүруін бақылау мақсатында жүргізілетін рейдтік іс-шаралар жөнінде баяндама жасады. Ол құқық қорғау органдары тарапынан тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырылып, заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Карина Төрехан жасөспірімдермен жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баяндама жасады. Ол жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түрлі кездесулер, семинарлар мен тәрбиелік шаралар өткізілетінін жеткізді.

Комиссия мүшелері ұсыныстарын ортаға салып, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті. Жиын қорытындысында тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент полициясы 74 жастағы жоғалып кеткен кейуананы тапты

Шымкентте полицейді көліктің капотында сүйреген азамат жеті жылға сотталды

berdaly_oraz

Арыс әкімі Қайсар Маңқараев халықпен кездесіп,қаланы көркейтуге қатысты тапсырмалар берді

berdaly_oraz

Пікір жазу