Түркістанда тұрғындардың мәселелері тыңдалды

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы азаматтардың нақты мәселелерін шешуді жалғастырып, кезекті қабылдау өткізді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар бірқатар сұрақтарды көтерді:

Сауран ауданы, Жүйнек ауылы – көшелерге жергілікті дамуға үлес қосқан азаматтардың есімдерін беру.

Спорт және мәдениет инфрақұрылымы – ауылдарға спорт нысандарын салу немесе жөндеуден өткізу, жаттықтырушыларға штат бөлу.

Иассы ауылдық округі – мәдениет үйін салу.

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы – спорт кешенін салу.

Арыс қаласы – мектепте ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған бочча орталығын ашу.

Ертай Алтаев әр мәселені заң аясында зерттеп, жауапты органдарға шешім қабылдауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

ӘСКЕРДЕГІ ӘДІЛДІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ЖАҢА ЕРЕЖЕ – ЖАҢА ТАЛАП

АНАҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ҚҰРМЕТ: АРЫСТА «ANA FEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

berdaly_oraz

АРЫС: АҚДАЛА АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ЗАЛ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo