Арыста қаңтар айында жоспарлы әскери оқу-жаттығулар өтеді

Арыс қаласы аумағында орналасқан №35748 әскери бөлімнің 3 мотоатқыштар батальоны «Арыс» оқу полигонында дәстүрлі жауынгерлік даярлық ату-оқу жаттығуларын өткізетінін хабарлады. Іс-шаралар әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде ұстауға бағытталған.

Оқу-жаттығулар 2026 жылғы 6 қаңтардан 31 қаңтарға дейін, күн сайын сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін жүргізіледі. Әскери бөлім мәліметінше, бұл жоспарлы шаралар барысында тек дыбыстық әсерлер болуы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындардан алаңдамауды және сабыр сақтауды сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

«Мұнайдан тыс жаңа мүмкіндік: Қазақстан мен Сауд Арабиясы өндірістік әріптестікті күшейтуде»

Redaktor Arysinfo

Түркістандық 100 қолөнер шебері Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

Ералы Тоғжанов Келес ауданындағы ауыз су нысандарын тексерді

berdaly_oraz