Арыста мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық оқыту жиыны өтті

Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылдың І тоқсанына арналған жоспар аясында құқықтық оқыту отырысы ұйымдастырылды. Жиынға қала әкімдігі аппаратының бөлім басшылары, дербес бөлім жетекшілері, ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Отырысты қала әкімінің аппарат басшысы Талғат Анашбеков ашып, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Жиын барысында мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәртібі талқыланды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №123 бұйрығымен бекітілген әкімдіктердің үлгілік регламенті жөнінде Арыс қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қуаныш Әбдіхалықұлы Шойнахов баяндама жасады. Ол аталған құжаттың негізгі талаптары мен жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі маңызын атап өтті.

Келесі мәселе ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арналды. Атап айтқанда, «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» қызметін көрсету тәртібі түсіндірілді. Бұл жөнінде қала жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Қыдырәлі Рахмтулла хабарлама жасады.

Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Отырыс қорытындысында жауапты бөлімдерге хаттама әзірлеп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Redaktor Arysinfo

Дулат Исабековтің өмірден өтуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты

berdaly_oraz

Әлеуметтік желідегі боқтық сөз үшін 86 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Redaktor Arysinfo