АРЫСТА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ МЕН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Арыс қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын насихаттауға арналған кездесу өтті.

Жиынды «Әділет» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков жүргізді.

Кездесуге облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің доценті, PhD докторы Ермек Бекбосынов, Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Құрмет Керімбеков, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі басымдықтары мен алдағы міндеттер талқыланды. Баяндамашылар экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және туған жерге жанашырлықпен қараудың маңыздылығы айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға әрбір азаматтың белсенді қатысуы қажеттігі атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сауалдарын қойды. Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру және оларды тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жөнінде ұсыныстар ортаға салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық спортшылар триатлоннан Қазақстан чемпионатында жүлделі болды

berdaly_oraz

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕРНАР МҰХАМЕТКӘРІМ — SUPЕRSTAR KZ БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Арыста әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті