ТҮРКІСТАНДА 50 МЫҢ БАС МАЛҒА АРНАЛҒАН АЛЫП КЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы мал шаруашылығын дамытуды еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі ретінде атап өтіп, салаға мемлекеттік қолдауды күшейту қажеттігіне назар аударған болатын.

Президенттің айтуынша, кейінгі жылдары мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге несие беру көлемі ұлғайып, асыл тұқымды мал сатып алуға басымдық берілуде. Сондай-ақ жаңа фермалар мен бордақылау алаңдары салынып, өндірістік қуаттарды арттыру жұмыстары жүргізілуде. Былтырдан бері елімізде 71 тауарлы сүт фермасы іске қосылып, 33 бордақылау алаңы салынған.

Мемлекет басшысы өндіріс орындарының тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін сапалы жемшөппен қамтамасыз ету, дайын өнімді өткізу, жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіру, егістік алқаптарын ұлғайту және су көздерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар ветеринария саласын жаңғырту, мал басын есепке алу жүйесін жетілдіру және зертханалық диагностиканың сапасын арттыру міндеттерін жүктеді. Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының шешімімен Қазақстанның аусыл ауруынан таза аймақ ретінде танылуы отандық ет және мал шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

Осы тұрғыдан алғанда, Түркістан облысында іске қосылған ірі бордақылау кешені Мемлекет басшысы айқындаған міндеттермен сабақтас. Толық өндірістік циклге негізделген жоба мал шаруашылығын индустриялық деңгейде дамытуға, ет өндірісін ұлғайтуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров өзбекстандық инвесторлармен кездесті

Түркістанда цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріндегі қаржылық қауіпсіздік талқыланды

berdaly_oraz

ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ — ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ДӘСТҮРЛІ 63-ШІ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

berdaly_oraz