АРЫСТА 12 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ АҒАШТАР КҮТІМГЕ АЛЫНДЫ

Арыс қаласына кіреберістегі аркадан бастап қала аумағына дейінгі жол бойында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, жолдың екі қапталындағы ағаштардың діңдері әктеліп, қураған және артық бұтақтарына санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес, 12 шақырымнан астам жол бойындағы жасыл желектер күтіп-бапталады. Бұл жұмыстар ағаштардың жай-күйін жақсартуға, олардың қалыпты өсуіне жағдай жасауға және қалаға кіреберіс аумақтың көркін арттыруға бағытталған.

Көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері атқаруда.

Аталған шаралар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желектерді сақтауға және тұрғындар мен қала қонақтары үшін көрікті орта қалыптастыруға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

berdaly_oraz

Мас жүргізуші үш адамның өмірін жалмады: Арыстағы қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ТОҢАЗЫТҚЫШ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫН АЛАДЫ