Арыста TEDx форматындағы рухани көшбасшылық кездесуі өтті

2025 жылдың 5 мамырында Арыс қаласында «Рухани көшбасшылық: өзіңді табу және дамыту» атты TEDx форматындағы кездесу өтті. Іс-шараны «Руханият орталығы» мен «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырды.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Кездесудің басты мақсаты — жастар арасында азаматтық белсенділікті арттыру, жеке даму мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру және өмірлік құндылықтар туралы ой бөлісу болды.

Спикерлер қатарында:

  • Байзахова Сабира Мұратқызы – «Шаңырақ» орталығының басшысы,
  • Ділдәбеков Бақтығали Сәрсенбекұлы – «AMANAT» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты,
  • Утегенова Жұлдыз Төлебековна – кәсіби медиатор, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Arysinfo» ақпараттық сайтының бас редакторы.

Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жетістікке жетудің жолдары, өз-өзіңді тану мен қоғамдағы жауапкершілікті сезіну туралы ой қозғады. Қатысушылармен ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас буынның белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына оң ықпалын тигізді.

 

TEDx — бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылатын, идея таратуға бағытталған тәуелсіз формат. Арыс қаласындағы бұл шара да жергілікті деңгейде азаматтық қоғамның нығаюына серпін беріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Орталық Азияның ортақ қауіп-қатерлерін атап өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

Шымкенттік тұрғын туысын өлтіріп, анасының ауласына көміп кеткен

Пікір жазу