АРЫСТА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ҚАЙТА САЛЫНУДА

Арыс қаласындағы Арыс-2 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі Қайсар Маңқараев құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Қала басшысы теміржол вокзалының шаһардың келбетін айқындайтын маңызды нысан екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Жоба жолаушылар инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған республикалық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ескі вокзал ғимараты толық сүріліп, оның орнына заманауи талаптарға сай жаңа нысан бой көтеруде.

Айта кетейік, бұрынғы вокзал ғимараты 2012 жылы пайдалануға берілген болатын. Осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының вокзалы арқылы тәулігіне шамамен 300 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, мұнда күніне 18 пойыз қатынайды, оның екеуі халықаралық бағытта жүреді.

Қайта жаңғырту аясында жаңа вокзал ғимараты салынып, перрон аумағы абаттандырылады. Сондай-ақ жарықтандыру жүйесі жаңартылып, жолаушыларға арналған орындықтар орнатылады.

Құрылыс жұмыстарын биылғы жаз мезгілінде аяқтау жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Президент Шымкенттегі «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

berdaly_oraz

«Арыс ақиқаты» газетіне 90 жыл!