Арыстағы ауыл шаруашылығы және жол-құрылысы техникасы иелерінің назарына

Арыс қаласы мен ауылдық округтер аумағында ауыл шаруашылығы және жол-құрылысы техникаларын пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналары, трактор тіркемелері мен жол-құрылысы техникаларына 2026 жылға арналған жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізіледі.

Техникалық байқау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес өткізіледі.

Техникалық байқауға ұсынылатын құжаттар:

Жеке тұлғалар (немесе сенімхат бойынша өкілі):

Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;

Машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт).

Заңды тұлғалар (немесе сенімхат бойынша өкілі):

Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;

Машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт);

Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес машиналар туралы мәліметтер (мемлекеттік техникалық қарап-тексеру актісіне енгізу үшін).

Техникалық байқау мерзімі:

2026 жылғы 2 наурыздан 28 сәуірге дейін.

Ауыл шаруашылығы техникасы иелерінен белгіленген мерзімде техникалық байқаудан өтуді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жуырда Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы басталады

Альфия Адамбек

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

berdaly_oraz

Ақпарат майданындағы ең қауіпті қару – жалған жаңалық: кәсіби журналистика неге бұрынғыдан да маңызды?

Redaktor Arysinfo