Арыстықтар өнер додасында оза шапты

Түркістанда өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің кезекті кезеңінде Арыс қаласының өнерпаздары жоғары нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды. «Керуен сарай» кешенінде өткен шараға Созақ ауданы мен Арыстан келген шығармашылық ұжымдар қатысып, түрлі жанрда өнер көрсетті.

Фестиваль аясында қазылар алқасы қатысушылардың ұлттық аспаптар ансамблі, дәстүрлі терме, халық әндері, айтыс, сахналық қойылымдар, эстрадалық әндер мен заманауи билер, вокалды-аспаптық топтар және шетелдік классикалық шығармаларды орындау деңгейіне баға берді. Арыстықтардың өнері жоғары бағаланып, олар келесі кезеңге өтетін болды.

Мәдени шараның басты мақсаты – халықтық және заманауи өнерді дәріптеу, ауыл таланттарын қолдау және ұлттық мұраны насихаттау.

Ұқсас жаңалықтар

Дулат Исабековтің өмірден өтуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров Кентау тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

berdaly_oraz

Арыста 8 наурыз мерекесіне орай аналарға құрмет көрсетілді

berdaly_oraz