Арыстың ауыз суы мен кәріз жүйесі: жауапты жұмыстың артында 102 маман тұр

Арыста ауыз судың сапасы мен кәріз жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі – күнделікті тіршіліктің ең маңызды тетіктерінің бірі. Бұл бағыттағы жауапты міндетті «Ақаба-Сервис» ЖШС атқарып келеді.

Кәсіпорын 2007 жылы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның ауыз су және кәріз жүйелерін жергілікті атқарушы органдарға өткізу туралы шешіміне сәйкес құрылды. Алғашында мекемеде небәрі 28 жұмысшы арнайы техникасыз қызмет көрсетсе, бүгінде кәсіпорында 102 адам еңбек етеді.

Мекемені 2021 жылдан бері Нұрлыбек Ақбаев басқарып келеді. Қазіргі таңда «Ақаба-Сервис» 446-дан астам заңды тұлға мен 6856 жеке тұлғаға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Арыс ауданының 24 елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтып, қаладағы кәріз жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде.

Соңғы жылдары инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық берілді. 2024–2025 жылдары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Монтайтас, Жиделі және Саналы елді мекендеріндегі ауыз су нысандары күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындар тәулік бойы ауыз сумен қамтылды.

Ал 2021–2025 жылдары қалада үш кәріз суын тазарту нысаны іске қосылды. Олар тәулігіне 2000 текше метрге дейін кәріз суын тазартып, өңделген су қала сыртындағы жасыл желекті суаруға пайдаланылуда.

Бір қарағанда көрінбейтін бұл еңбек – Арыстың таза суы мен санитарлық қауіпсіздігінің басты кепілі. Бүгінде «Ақаба-Сервис» үшін басты міндет – жүйені тоқтатпай, халыққа сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсету.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХТА ІЗІ ҚАЛҒАН АНАЛАРДЫҢ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

berdaly_oraz

Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші бойынша Шымкент 5 орында

Түркістанда Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум басталды

berdaly_oraz