ТҮРКІСТАНДА ТАРИХТА ІЗІ ҚАЛҒАН АНАЛАРДЫҢ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық әкімдік пен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен орны» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиынға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев та құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның негізгі мақсаты – қазақ тарихында есімі сақталған аналардың тұлғасын ғылыми әрі рухани тұрғыдан таныту, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі орнын айқындау және қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңызын насихаттау болды.

Іс-шара барысында ғалымдар мен қоғам қайраткерлері мазмұнды баяндамалар жасап, аналардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ қазақ қоғамындағы ана тәрбиесі тек отбасының берекесі ғана емес, ұлттық руханият пен мәдени тұтастықтың негізі екені айтылды.

Жиында көтерілген ой-пікірлер мен ұсыныстар алдағы уақытта отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұлттық тәрбиені дәріптеуге және қоғамдағы рухани тұрақтылықты арттыруға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

Redaktor Arysinfo

Алматы әкімі Ерболат Досаев әуежайда кепілге алынған қызды құтқарған ер адамды медальмен марапаттады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «УЧАСКЕ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

berdaly_oraz