дереккөз фото: turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы облысындағы республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасатынын хабарлады.
Осыған байланысты 8–18 шілде аралығында Ақсай – Жібек жолы учаскесінің 1177–1186 шақырымында күн сайын 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл кезеңде көліктер айналма жол арқылы қатынайды.
Ал 8 шілдеден бастап Күрті – Шабыт учаскесінің 1121–1177 шақырымында қозғалыс қайта ашылады.
Жүргізушілерге жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтап, жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарау ұсынылды.
