АУЫЛ БИЛЕРІ МЕДИАЦИЯ НЕГІЗДЕРІН МЕҢГЕРІП, РЕСМИ ҚҰЖАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Төлеби ауданында ауыл билерінің біліктілігін арттыруға бағытталған медиаторлық оқыту курсы аяқталды. Арнайы дайындықтан өткен қатысушыларға медиаторлық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сертификаттар мен куәліктер табысталды.

Оқу бағдарламасы аясында ауыл билері тұрғындар арасында туындайтын келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей, өзара түсіністік арқылы реттеу, келіссөз жүргізу және қоғамдық келісімді сақтау тетіктерін меңгерді.

Сертификаттар мен куәліктерді табыстау рәсіміне Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғани Байарыстан, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысты. Жиын барысында ел ішіндегі дауларды әділ әрі тиімді шешіп жүрген бірқатар ауыл билеріне сот төрағасының, аудан әкімінің және аудандық полиция бөлімінің басшысының алғыс хаттары табыс етілді. Бұл — олардың қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайту жолындағы еңбегіне берілген ресми баға.

Аудан әкімдігі өкілдері медиаторлық институттың ауылдық жерлер үшін маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы уақытта да ауыл билерінің кәсіби әлеуетін арттыруға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: инвестициялық штаб мәжілісінде мәселелер ашық айтылды

Арыста қаңтар айында жоспарлы әскери оқу-жаттығулар өтеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстар күшейтілуде