Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтері әкімдері, бөлім басшылары мен мектеп директорлары қатысты. Жиында білім беру саласы, экологиялық тәрбие, жұмыс бағытын кәсіби бағдарлау, сондай-ақ халықпен кездесуде берілген тапсырмалардың орындалуы сияқты маңызды мәселелер қаралды.
Негізгі мәселелер:
🔹 «Таза Қазақстан» бағдарламасының мектептердегі орындалуы
Санитарлық тазалық, абаттандыру және экологиялық тәрбие бағытында атқарылған жұмыстар талданып, нақты тапсырмалар берілді.
🔹 Әдістемелік жұмысты жетілдіру
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қызметі сараланып, келесі оқу жылында білім сапасын арттыру, педагогтерді кәсіби дамыту, цифрлық технологияларды енгізу бағыттары белгіленді.
🔹 Талапкерлерді кәсіби бағдарлау
2025–2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімге бағыттау, еңбек нарығына сұранысқа ие мамандықтар туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.
🔹 Халықпен кездесуден туындаған тапсырмалар
Аудан әкімінің халықпен кездесулері барысында берілген хаттамалық тапсырмалар мен арыз-шағымдардың орындалу деңгейі қаралды. Барлық жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
Жиын қорытындысында Азизхан Исмаилов әр тапсырманың сапалы және уақытылы орындалуын талап етіп, білім беру саласының қоғам дамуы үшін стратегиялық маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, сала мамандарына жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу жүктелді.