Байырқұм ауылының әкімі болып Жолбарыс Мейрбеков сайланды

Байырқұм ауылының әкімі болып Жолбарыс Мейрбеков сайланды
— деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

2025 жылғы 29 маусым күні Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылдық округінде өткен әкім сайлауының нәтижесі бойынша, «Amanat» партиясының үміткері Жолбарыс Рысбекұлы Мейрбеков ауыл әкімі болып сайланды.

Сайлау қорытындысы:

  • Жолбарыс Мейрбеков – 754 дауыс
  • Қуанышбек Сазанов – 375 дауыс
  • Мұрат Жұмабеков – 90 дауыс
  • Барлығына қарсы – 4 дауыс

Ауыл бойынша тіркелген 1820 сайлаушының 1225-і өз таңдауын жасап, дауыс беруге қатысқан. Бұл – 67%-дан астам белсенділік деген сөз.

Жолбарыс Мейрбеков енді Байырқұм халқының әлеуметтік, инфрақұрылымдық және ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерін шешуге жауапты тұлға. Жаңа әкім үшін дауыс берген 754 тұрғынның сенімі – енді нақты істермен дәлелденуі тиіс.

Arysinfo.kz алдағы уақытта Байырқұм ауылындағы әкімдік жұмысының барысын назарда ұстайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір тұрғыны барит қазба байлығын заңсыз қазып, тасымалдамақ болған

Шымкенттік оқушылар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

berdaly_oraz

Түркістан облысында жаңа шыны өңдеу кәсіпорны ашылды

Пікір жазу