БАЙЫРҚҰМДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ СЕНБІЛІГІ ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Байырқұм ауылдық клубының ұйымдастыруымен тазалық сенбілігі өткізілді. Игі шараның негізгі мақсаты – ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілік барысында ауылдың орталық алаңы, орталық сахна маңы, Алатау батыр ескерткіші, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері жазылған ескерткіш маңы тазартылды. Сонымен қатар Байырқұм ауылдық клубының ауласы мен айналасы ретке келтіріліп, қоқыстар жиналды. Қоғамдық орындар тазартылып, аумақтардың көркіне ерекше көңіл бөлінді.

Тазалық жұмыстарының нәтижесінде ауылдың орталық бөлігі мен қоғамдық орындары ажарланып, айналасы көркейе түсті. Мұндай игі бастамалар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға да ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді көркейтуге және тазалықты ортақ құндылық ретінде қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Осы орайда Байырқұм ауылдық клубының ұйымдастыруымен өткен сенбілік ауыл тазалығына үлес қосып, табиғатқа қамқорлық танытудың жарқын үлгісіне айналды.

Туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстап, ауылымыздың ажарын арттыруға баршамыз атсалысуымыз қажет.

Тазалық – ортақ міндет! Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Түлкібаста экотуризмді дамытуға бағытталған тың жоба бастау алды

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Redaktor Arysinfo