1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сайрам ауданына қарасты Жартытөбе ауылында «Бақытты бала — Бақытты ел» атты мерекелік гала-концерт өтті.
Мерекелік шараға Шымкент қаласынан арнайы келген өнерпаздар мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысып, ауыл тұрғындары мен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер мен театрландырылған қойылымдардан құралған концерттік бағдарлама көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кішкентай көрермендер мен ауыл тұрғындары шат-шадыман күй кешіп, ерекше әсерге бөленді. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау және олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету екені айтылды.