«Қарызды қайтармағаны үшін»Шымкентте жас жігіт лифт ішінде соққыға жығылып, пышақталды

Сурет: видеодағы кадрдан

Шымкентте жас жігіт бір топ адамның шабуылына ұшырап, ауыр жарақат алды. Оқиға көпқабатты үйдің лифтінде болған. Белгілі болғандай, шабуыл жасаушылар жәбірленушіні қарызын уақытында қайтармағаны үшін жазаламақ болған.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адамдар жігітті бірнеше рет ұрып, басынан ауыр жарақат салған. Кейінірек жамбас тұсына пышақ жарақатын түсірген. Қазір жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның жағдайын бақылауда.

Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, журналист Диас Нұрақын да пікір білдірдi.

«Алмас Кішкенбаевты «әпшу берші» дегені үшін 15 тәулікке қамайды, бейбіт пикетке шыққандарды қудалайды, ал адамды ұрып-соғып, пышақтап кеткендерді бостандықта қалдырады. Біздің заңдардың логикасын кейде түсіну қиын», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында 3069 түлек мектеп бітірді

Түркістан облысында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер басталады

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Ордабасыдағы ауқымды сенбілікке 200-ге жуық адам атсалысты