«БАҚЫТТЫ БАЛА — БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сайрам ауданына қарасты Жартытөбе ауылында «Бақытты бала — Бақытты ел» атты мерекелік гала-концерт өтті.

Мерекелік шараға Шымкент қаласынан арнайы келген өнерпаздар мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысып, ауыл тұрғындары мен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер мен театрландырылған қойылымдардан құралған концерттік бағдарлама көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кішкентай көрермендер мен ауыл тұрғындары шат-шадыман күй кешіп, ерекше әсерге бөленді. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау және олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету екені айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін сақтау және суға шомылу маусымындағы сақтық іс-шаралары күшейтіледі

Түркістан облысында туризмді дамытуға 60 млрд теңгеге жуық қаржы тартылмақ

berdaly_oraz

Арыстық шаруалар Марокко шегірткесінің жер бетіне шыға бастағанын айтып,дабыл қағуда

berdaly_oraz