Бала күйіп, жолаушы жарақат алды: Түркістандағы теміржол оқиғасының мән-жайы

дереккөз фото:Aikyn.kz

Түркістан облысындағы Жаңақорған–Түркістан теміржол учаскесінде «Саратов – Алматы» бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға 16 маусым күні сағат 12:49 шамасында Шиелі–Түркістан аралығында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, техникалық себептен вагонның дөңгелек жұптары рельстен шыққан.

Тасымалдаушы компанияның мәліметінше, вагонда 36 жолаушы болған, оның ішінде 13 бала бар. Оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен: бір әйел вагонның әжетханасында болған кезде басын соғып алған, ал бір бала қайнаған суға күйіп қалған.

Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғанымен, олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Оқиға орнына қалпына келтіру пойызы жіберіліп, жолаушыларды жеткізу үшін қосымша құрам ұйымдастырылды. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Дональд Трамптың Газа секторын тегін алуға ниеті мен Иорданияның әрекеті

berdaly_oraz

Түркістан облысында шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстары күшейтілді

berdaly_oraz

Қазақстан азаматтарына жақсы жаңалық: шетелде тұрса да зейнетақы төленеді

Redaktor Arysinfo